Балқаш тұрғыны «Шекара қызметінің үздігі» медалімен марапатталды

Тәуелсіз елдің шекарасы мықты болса, оның бүгіні берік, болашағы жарқын.
Бүгін балқаштық қалалық қорғаныс бөлімінде ел тыныштығын сақтауға сүбелі үлес қосып, қызметін қалтқысыз атқарғаны үшін Төлеу Есбол Ардақұлы «Үздік шекарашы» медалімен марапатталды.
Сарбазға «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімнің басшысы Нұржан Аманжолов табыстады.
Есбол Ардақұлы бүгінде 53898 әскери бөлімінде контракт бойынша қызмет атқарады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 2018 әскери бөлімінде шекара заставасында борышын өтеп келген балқаштық өз ісіне көңілі толатынын да жасырмады.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login