Балқашта зауыт жұмыскерлері арасында волейболдан турнир өтті

Металмен алысып жүрген зауыт жұмыскерлері доппен алысты. Алғашқы қара мыстың алынғанына 80 жыл толуына орай демалыс күні волейболдан турнир өтті. Оған мыс балқыту цехының түрлі учаскесінен 6 команда қатысты.

Ойыншыларға сәттілік тілеуге Балқаш мыс зауытының кәсіподақ комитетінің жетекшілері келген. Басшылардың ізгі ниетінен кейін, балқаштық студенттер мысшыларға арналған флеш мобпен ортаға шықты.

Анод цехының командасы денелерін қыздырып, ойынға дайындалу үстінде. Әр аусымнан мықты деген ойыншыларды іріктелген. Команда жеңіске жетуге ниетті. Жарысқа үлкен дайындықпен келген.

Нурхан Ашықбаев – анод цехы командасының капитаны:

«Командамыз өзіміздің күнделікті ойнап жүрген балалар, әр ауысымнан бірден, екіден жиналған. Жұмыстан кейінгі уақытта ДСК ойнап, дайындаламыз. Өмір бойы осы доптың соңындамыз.»

Мыс балқыту цехының жұмыскерлері 6 командаға бөлінген.  Механиктер, энергетиктер, балқытушылар, слесарьлар және тазартушылар бірінші орынға таласты. Құрамалар екі топқа бөлініп ойнады.

Қайрат Оспанов – Балқаш мыс балқыту зауытың кәсіподақ  комитетінің төрағасы:

«Турнир бір күнге созылады. Айналмалы жүйе бойынша қарсыласынан жеңілмеген командалар финалға шығады. Оған қоса үздік жанкүйер, үздік шабуылшы, үздік ойыншы номинацияларының иегерлерін анықтаймыз.

Бірнеше сағаттық ойыннан кейін турнир жеңімпаздары анықталды.  Балқыту учаскесінің жұмыскерлері волейболды бәрінен жақсы ойнайтынын дәлелдеп, чемпион атанды. Анод цехы күміс жүлдені еншіледі. Ал қола мыс балқыту цехының механиктеріне бұйырды.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login