Балқаш жаңалықтары 19.11.2018

  1. Жақында ғана орнатылған пластиктен жасалған қоқыс жәшіктері жанып кетті. Оларды біреу әдейі өртегенге ұқсайды. Себебі қалдық салуға арналған контейнерлер бір емес екі жерде өртенді. Оқиға сенбі күні түнде тіркелді. Сағат 22:50 ТЖ қызметіне Мир көшесі бойындағы 22 үйдің артында қоқыс жәшіктерінің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Артынша 10 минуттан кейін Қазбекова көшесіндегі  9 үйдің жанындағы контейнерлердің қызыл жалынға оранғанын айтып, тұрғындар тағы қоңырау шалған.
  2.  Полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан балқаштық тұрғынды табуға көмек сұрайды. Тәртіп сақшыларының дерегіне сүйенсек, күдіктінің бойы 180-185 см, шымыр денелі, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр. Полиция  қызметкерлері осы адамды көрген тұрғындардан 102 немесе 4-16-39 нөміріне хабарласуын сұрайды.
  3. Ленин көшесіне төселген асфальт нормаға сай емес. Қарағандылық сарапшылар  осындай қорытынды шығарды. Мамандар жол бойынан талапқа сай келмейтін 50 жер тапқан. Соған байланысты мердігер компания кем-кетікті қайта түзеуге кірісті.
  4. Нотариаттық әрекеттің жаңа түрі – орындау жазбасы. Енді қарыз ақшаны қайтару үшін бұрыңғыдай сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Нотариусқа барып, орындау жазбасын алу жеткілікті. Бұл туралы қалалық сотта өткен жиында айтылды. Елімізде бұл норма 2016 жылдан  бастап енгізілген. Алайда  Балқаш қаласында енді  қолданысқа енуде.
  5. Балқашта жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі ашылады. Бар жоғы 50 адам қабылданады. Олар 3-4 курс суденттері немесе жоғары білімі бар 18 бен 29 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Әсіресе жұмысыз жүргендерге үлкен мүмкіндік.
  6. Қаламыздағы №2 Абай атындағы мектептің оқушысы Алтын Аманболды жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Білімділер жарысы 13-16 қараша күндері Теміртау қаласында өтті.
  7. Металмен алысып жүрген зауыт жұмыскерлері доппен алысты. Алғашқы қара мыстың алынғанына 80 жыл толуына орай демалыс күні волейболдан турнир өтті. Оған мыс балқыту цехының түрлі учаскесінен 6 команда қатысты.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login