События 17 ноября

Праздники:

Международный день студентов (с 1941)

Международный день недоношенных детей (с 2009)

Международный день отказа от курения

Всемирный день философии

Россия — День участковых уполномоченных полиции

День защиты черных котов в Италии

События:

1855 — Исследователь Африки Дэвид Ливингстон первым из европейцев видит водопад на реке Замбези высотой 120 м. Он называет его именем королевы Виктории.

1948 — Крейсер «Аврора» ставится на вечную стоянку у Петроградской набережной на Большой Невке.

1953 — Открытие доступа в мавзолей Ленина — Сталина.

1962 — Выходит очередной номер журнала «Новый мир», в котором опубликована повесть «Один день Ивана Денисовича». Страна впервые узнаёт имя Александра Солженицына.

1970 — После мягкой посадки на поверхность Луны в районе Моря Дождей космической станции «Луна-17» в путешествие по спутнику Земли отправляется «Луноход-1».

2006 — В США поступила в продажу игровая консоль 7-го поколения Sony Playstation 3.

 

Мерекелер:

Халықаралық студенттер күні. Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру құрметіне, Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

(1917) Батыс Қазақстанда «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен екі тілде тұңғыш кеңестік газеттің алғашқы саны жарық көрді. Атауы бірнеше мәрте өзгерген басылым 1963 жылдан бері «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері болып жарық көріп келеді. Газет 1968 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 14 жыл бұрын (1998) Қазақстан Азаматтық партиясы құрылды.

(2005) қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы шыңды бағындырып, оған «Қазақстан» деген ат қойды. Бағлан Жүнісов бастаған альпинистер командасының мүшелері шың басына шығу үшін 40 метрлік 15 арқанды пайдаланған.

(2005) ұлы жазушы Мигель де Сервантес Сааведраның «Дон Кихот» романының жарық көргеніне 400 жыл толуына орай Астанада Испанияның мәдени күндері басталды. 175 жыл бұрын (1837) 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

(2004) 17-19 қарашада Бейжіңде Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Өткізу пункттері арасындағы және кеден ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясының бірінші мәжілісі болып өтті.

ЕСІМДЕР

1939 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінің ректоры ҚАБАШЕВ Рахымжан Әбілқасымұлы дүниеге келді.

1944 жылы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі КӨМЕКОВ Серік Ешмұхамбетұлы дүниеге келді.

(1920-1991) ғалым, дерматолог-венеролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері МАҚАШЕВА Раиса Кәрімқызы дүниеге келді.

1940 жылы ғалым, тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры БАЙПАҚОВ Карл Молдахметұлы дүниеге келді.

(1790-1868) неміс математигі және астрономы Август МЕБИУС  дүниеге келді.

1966 жылы француз киноактрисасы және режиссері Софи МАРСО дүниеге келді.

(1906-1991) Honda Motor Corporation компаниясының негізін қалаушы  Соитиро ХОНДА дүниеге келді.

(1944) американ актері, режиссер, продюсер Дэнни ДЕ ВИТО(Дэниел Микаели) дүниеге келді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login