Балқаш жаңалықтары 15.11.2018

1. Осыдан бір апта бұрын жоғалған балқаштық балықшы құтқарылды. Ер адам қайықпен Корс аралына кетіп, кейін қайтып оралмаған. Содан туыстары дабыл көтеріп, құтақарушыларға хабар берген. Анықталғандай, балықшы 6 қараша күні балық аулауға шығыпты. Содан бірнеше күн хабарсыз кеткен.

2. Биыл Балқаш қаласында 11 тұрғын ВИЧ инфекцясын жұқтырған. Олардың көбісі әйелдер. Нақтырақ айтсақ осы жылы 6 нәзік жанды, 5 ер адам  айықпас дертке шалдыққан. Ең қорқыныштысы әйелдердің үшеуі жүкті. Олардың жас шамасы 20-29 жас аралығында. Ал ерлер 30-39 жаста. Есепке алынған 11 адамның 9 вич инфекциясын жыныстық жол арқылы жұқтырған.

3. Балқашта жыл басынан бері 22 көлік апаты болған. Олардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 7 жағдайға аз. Алайда, зардап шегушілердің қатары артып отыр. 2018 жылдың 10 айында жол-көлік оқиғасы салдарынан 33 адам жарақат алып, 6 тұрғын көз жұмған. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін полицейлер «қауіпсіз жол»  акциясын өткізуде.

4. Үйсіз жануарларға арналған «Чип» орталығы көмекке мұқтаж.  Қыстың күні иелері жоқ иттер мен мысықтар тоңбас үшін үйшіктерді жылылау қажет.  Ал ол үшін еріктілер мен құрылыстық материалдар керек. Қазір үйсіз жануарларға арналған орталықта 100 ге жуық ит бар. Көмек қолын созамын деген тұрғындар,  8 747 539 25 98 нөміріне хабарласса болады.

5. Диабет бақылауда! Осындай атаумен Балқашта диабетке қарсы акция өтті. Дәрігерлер  базар орталығындағы сауда үйінде тұрғындардың қан құрамындағы қант мөлшерін тексерді. Қан қысымын өлшеді.  Шара таңғы 10 нан бастап түскі 12 ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында  ақ халаттылар ниет білдерген  65 адамды қабылдады.

6. Не? Қашан? Қайда? Осындай атаумен Балқашта оқушылар мен студенттер арасында интелектуалдық ойын өтті. Оған мектептер мен колледждерден 8 команда қатыстық.  Әр команда 6 адаман құралған.  Ойында 3 кезең болды.

7. Ұлттық валюта – теңгемізге 25 жыл. 1993 жылдың 15 қараша күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы дүниеге келді. Теңге айналымға енген кездері әр қазақстандық тұрғынның жалақысы орташа есеппен 120 теңге  болған.  Ал осы 25 жыл ішінде  теңге бағамы мен азық-түлік бағасы  қалай өзгерді? Видеодан көрсеңіздер болады.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login