Балқаш жаңалықтары 14.11.2018

1. Бүгін балқаш тұрғындары латын қәрпінде жаппай диктант жазды.  Шараға 5500 адам қатысты. Оның 2600 мұғалімдер мен оқушылар болса, қалғаны мемлекеттік қызметкерлер. Таңғы сағат 11-де түгел Қазақстан халқы латын графикасы бойына диктант жазуға отырды. Балқашта бұл шара оқу орындары мен үкіметтік мекемелерде өтті.

2. Балқашта жыл басынан бері  200 ге жуық адам қант диабетіне шалдыққан. Мамандардың айтуынша тұрғындар ауыратынын кеш біледі. Себебі күнделікті күйбеңмен жүріп, денсаулығындағы кейбір өзгерістерге мән бермейді.

3. Балқашта жыл басынан бері  екі мыңға жуық  қаңғыбас ит пен мысық ауланған. Ветеринарлардың айтуынша, қазір далада қалған үй жануарларының саны өте көп. Әсіресе күн суытқалы бері тамақ іздеп, көше кезіп жүрген төрт аяқтылардың саны артқан.  Мамандар тұрғындардың шағымы бойынша  қаңғыбас иттерді аулауға шығады.  Өтініш 6-99-91 нөмірі арқылы қабылданады.

4. 2019 жылдан бастап арнайы таңбасы жоқ құндыз тондар тәркіленеді. Бұл ереже тек тері бұйымдарын сатумен айналысатын балқаштық кәсіпкерлерге қатысты. Айта кетейік, аң терісінен тігілген сырт киімдерге бақылау белгісін орнату былтырдан бері қолға алынды. Пилоттық жоба көлеңкелі бизнесті жойып, тұтынушыларды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді.

5. Көлігіңіз қысқа дайын ба? Балқаш тұрғындары бүгінде темір тұлпарларының дөңгелегін ауыстырып, әбігерге түсуде. Тосыннан жауған қар  жүргізушілерді қысқа ертерек қамдануға мәжбүрледі. Осыған орай қаланың әр бөлігінде орналасқан техникалық қызмет көрсету орталықтарында жұмыс қайнап жатыр.

6. Бүгін логопед мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл мамандар тіл кемістігін жойып, әр дыбысты дұрыс айтуға көмектеседі.  Тілді дамытатын жаттығулардың бірі — жаңылтпаш жаттау.  Біз халық арасына шығып, тұрғындарды сынап көрдік. Кім жаңылтпашты тез әрі жылдам айта алды?

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login