Балаларға қуаныш сыйлайық

Балаларға қуаныш сыйла!  «Үміт үзбе»  қайырымдылық қоры жаңа жылға орай балалар үй мен жағдайы төмен отбасы бүлдіршіндеріне сыйлық жасамақ. Бұл шараға қала тұрғындары да асталыса алады. Ұйымдастырушылар жалып саны 100 ге жуық баланы қамтымақ. Олар №4 және 3 мектеп-интернатының оқушылары және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасы бүлдіршіндері. Бұл шараға асталысып, балғындарға қуаныш сыйлаймын деген қала тұрғындары 8 777 973 96 53 нөмеріне хабарласып, керекті мәліметті біле алады. Егер сый алуға уақытыңыз болмаса, онда қаржылай көмек көрсете аласыз. Қазіргі таңда 40 мың теңге жиналған.  Түскен қаражатқа балалар көңілін көтеретін, қуаныш сыйлайтын тәттілер мен ойыншықтар сатылып алынбақ. Сондай-ақ, ұйымдастырушар мерекелік-концерттік бағдарлама өткізуді де жоспарлап отыр.

Ирина рожкова – «Үміт үзбе» қоғамдық қорының мүшесі

« Біз «Үмітүзбе» қоғамдық қоры осымен екінші мәрте «балаларға қуаныш сыйла» акциясын қолға алып отырмыз. Қамтылатын 100-ге  жуық баланың 17сі балалар үйінен болса, 50 бүлдіршін №3 мектеп-интернатының оқушылары. Қалғаны №4 интернат тәрбиеленушілері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login