Балқаш маңындағы жол апатында 2 адам қаза болды

Балқаш маңында жол апаты болды. Қаладан 100 км жерде Аudi мен BMW соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Тағы екі тұрғын түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат түнгі 12-лер шамасында Алматы-Екатеринбург трассасының 720 шақырымында болған. Соқтығыстың салдарынан оқиға орнында 58 және 54 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғыны көз жұмды. Тағы екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бірі 28 жастағы Топар тұрғыны. Екіншісі балқаштық. Дәрігерлердің айтуынша қазір жағдайлары орташа, тұрақты.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімшесінің меңгерушісі:

«Ауруханаға жеткізілген науқастардың хәлі орташа деңгейде. Олардың бірі Қарағанды қаласындағы Макажанов клиникасына жолданды. Зардап шегушілер түрлі дене жарақаттарын алған. Мәселен, жіліншік, төс сүйегі сынып, бұлшық ет пен басқа да сүйектер зақымданған.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать