##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 08.11.2018

1. Интернет алаяқтардан сақ болыңыздар! Балқашта жыл басынан бері 20 адам ғаламтор арқылы елді алдайтын әккі қулардың қармағына түскен. Тұрғындар алаяқтардың шотына 10 мың теңгеден бастап 500 мың теңгеге дейін ақша аударған. Соңғы оқиғада балқаштық әйел 200 мың теңгесінен айырылыпты. Ол инстаграм арқылы бірнеше киімге тапсырыс берген. Содан киви әмиян арқылы көрсетілген нөмірге  ақша салған.  Алайда кейін сатушы телефонын сөндіріп, инста парақшасын өшіріп тастаған.

2. Балқаштықтардың коммуналдық мекеме алдындағы қарызы күн санап өсуде. Мәселен қазір тұрғындар электр энергиясына 350млн теңге берешек. Ал су мен канализацияға төленбеген қарыздың көлемі 100 млн асқан.

3. Балқашта мәдениет сарайының артында жануарлар мен құстар пайда болды. Саябаққа бір үйір жылқы, бүркіт және арқар әкелінді. 1 айғыр, 6 бие, 4 құлын аббаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан саябаққа ерекше сән берді.  Монтаж  әлі аяқталмаған. Алда газон төсеу, мүсіндерді бекіту секілді жұмыстар бар. Оған қоса арқар мен бүркіттің мүсіні қойылды.  Бұл туындылар бетоннан құйылған.

4. 14 қарашада бүкіл Қазақстан бойынша латын қарпінде алғашқы диктант жазылады. Жалпы ұлттық акцияға балқаштықтар да қатысады. Диктант бүкіл республика бойынша 14 қараша күні сағат 11:00-де басталады. Ол өңірлік тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда, әлеуметтік желілерде онлайн тәртіпте және республикалық радиостанцияларда тікелей эфирде өтеді.

5. Балқаштық жеңіл атлетші республикалық турнирдің чемпионы атанды. 13 жастағы Алиса Беляева биіктікке секіруден 60 қарсыласын артқа тастып,  алтын медаль ұтып алды.  XIII Республикалық турнир Қарағанды қаласында өтті.  Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Семей, Атырау, Көкшетау, Ақтөбе секілді қалалардан 16 команда жиналған. Балқаштан 8 спортшы барды.  12-13 жастағы қатысушылар биіктікке, ұзындыққа секіруден және жүгіруден жарысты. БЖСМ тәлімгері Алиса  Беляева 1 метр 53 см биіктікке секіріп, 60 қарсыласын басып озды.  Енді ол Қарағанды да өтетін тағы бір жарысқа дайындалуда.

6. Балқашта ауа райы күрт суыйды.  Ертең сынап бағанасы + болса,  сенбі күні күндіз  ауа-температурасы 0 градусқа төмендейді.  Қар жаууы ықтимал. Ал жексенбі күні күн суыта түседі. Синоптиктердің болжауы бойынша,  күндіз -6 градус болса, түнде -9  ды көрсетеді.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать