Балқаш қаласы әкімінің «Өркен»  сыйлығына байқау жарияланды

Балқаш қаласы әкімінің «Өркен»  сыйлығына байқау жарияланды.  Үздіктерді анықтау 14 пен 29 жас аралығындағы  жастар арасында жүргізіледі. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша ақшалай сыймен марапатталады.

Атап айтсақ, жыл көшбасшысы, жас жұмыскер, жыл студенті, жыл оқушысы, жас дарын. Одан өзге жыл патриоты, жас маман, жыл спортшысы мен 2018 жылдың үздік жас кәсіпкері де анықталады. Үміткерлердің әрқайсы өз саласында жетістікке жеткен болуы тиіс. Қазір байқауға өтініш қабылдау басталды. Қатысушылар «мен неге қала әкімінің өркен сыйлығына лайықпын?» деген тақырыпқа эссе жазып  жастар ресурстың орталығына өткізулері тиіс. Оған қоса 2 сурет пен түйіндемесін және грамоталары мен мақтау қағаздарын қоса алып келуі қажет.

Расул Қасенхан – жастар ресурстық орталығының жетекшісі

«Балқаш қаласының өркен жастар сыйлығы 50 мың теңге болатын. Биыл 70 мың теңге. Бұл жыл сайын өтетін жастар форумында әкімнің қатысуымен премияны өткізетін боламыз. Өз құжаттарыңызды 30 қарашаға дейін жастар ресурсты орталығына әкелу керек.»

Номинациялар тізімі:

1. жас жұмысшы

2.жыл студенті

3.жыл оқушысы

4.жас дарын

5.жыл патриоты

6.жас маман

7.жыл спортшысы

8.жас мемлекеттік қызметкер

9.жас кәсіпкер

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 2 сурет  4*6)
  • түйіндеме
  • «Өркен сыйлығына неге лайықпын?» тақырыбына эссе жазу
  • Мінездеме
  • Грамота, диплом, сертификат, видео мен сурет материалдарының көшірме

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать