Балқашта суық су мен канализация тарифы қымбаттайды

Балқашта суық су мен канализация тарифы қымбаттайды. Жаңа баға 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Қазір 1 текше  метр су бағасы 162 ал кәріздікі 55 теңге.  Ал  1 адамға 1209 теңге. 1 қаңтардан бастап ақы 5% көтеріледі. Жаңа жылдан кейін суық су мен кәріздің 1 тешке метрі үшін 170 және 58 теңге төлеуге тура келеді. Ал есептегіш құралын орнатпай, адам басына төлеп отырғандар 1270 теңге өтейді. Суық су мен канализация тарифын өсіру жоспары өткен жылдың қараша айында бекітілген болатын. Ол  бойынша тариф 2020 жылға дейін жыл сайын көтеріліп отырады.

Айша Садырбаева – «Балқаш су» КМК абоненттік бөлім басшысы:

«Бірінші қаңтардан бастап, бізде тариф көтеріледі. Биылғы жылы 1209 болса келесі жылы 1270 теңге болады. Бұл 5 пайызға жоғарылайды.

 

Суық су мен канализация бағасы

 

 

2018 жыл 2019 жыл
текше. м 1 адам текше. м 1 адам
суық су 162,12 т 778,18 170,22 817,05
канализация 55,29 т 431,30 58,09 453,10

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать