##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 06.11.2018

1. Бизнес көзі болатын тың жоба ойлап тапсаңыз оны жүзеге асыруға грант алуға болады. «Ғылым қоры» АҚ 300 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беруге дайын. Бүгін кәсіпкерлер, жастар  «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының және «Даму» қорының өкілдерімен кездесті.  Әкімдікте өткен жиында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін жобалар мен ұйымдар жайында сөз болды.

2. Латын қарпіне көшу ақпараттық кеңістікті кеңейтеді. Мәдениет сарайындағы Ақ отау залында латын қарпіне көшу бастамасы талқыланды. Жиынға әскерилер, полицейлер және ТЖ қызметкерлері қатысты.

3. 2018 жылдың 6 айында Балқашта 633 сәби дүниеге келді. Алайда 360 қала тұрғыны көз жұмған. stat.gov.kz сайтында көрсетілген мәлімет бойынша 100-ге жуық адам қан айналым жүйесінің бұзылуы салдарынан қайтыс болған. 30 адам жүректің ишемиялық ауруынан, тағы осынша тұрғын қатерлі ісіктен көз жұмған. Сондай-ақ ана құрсағында ауруға шалдыққан 1 жасқа дейінгі 4 сәби өмірден озған.  283 жұп үйленіп, 164 ерлі-зайыпты ажырасқан. Жалпы алғанда қала тұрғындарының саны 273 адамға көбейген.

4. Қазақстанда үйде отырып-ақ салық төлеуге мүмкіндік туды. fastpay.kz  сайты арқылы  салықтан өзге мемлекеттік қызмет ақысын және айыппұл да төлеу қарастырылған. Порталда миграция, құқықтық көмек, кәсіпкерлік секілді түрлі бөлімдер бар.

5. Балқашта түлкі мен қоян аулау маусымы басталды. Ол 16 ақпанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында балқаштық аңшыларға 34 түлкі және 2 мыңнан аса қоян атып алуға рұқсат. Алайда, аңшылыққа барарда  жолдамаалуды ұмытпау керек.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать