Балқаш жаңалықтары 05.11.2018

1.3 қараша күні  Балқаштан 15 км қашықтықта Москвич пен Камаз соқтығысты. Түрлі дене жарақатымен 54 және 24 жастағы екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай олар Алматы және Павлодар облысының тұрғындары.

Келесі күні 4 қарашада екі көлік аударылған. Кешкі сағат  6-лар шамасында Гүлшат кентінің жанында Лада гранта жол шетіне ауып кеткен. 3 адам зардап шекті. Бірі 3 жастағы бала. Сәби денсаулығына айтарлықтай зақым келмеген.

2. Балқашта жол талғамайтын көлік ағашқа соғылды. Автомобильде тек жүргізуші ғана болған. Жол көлік оқиғасы кеше кешкі сағат 11-лер шамасында қалалық бассейннің маңында болды. Алдын ала мәліметке сүйенетін болсақ, жол талғамайтын көлік  Қадыржанов көшесімен 4 мектепке қарай бағыт алған. Алайда, айналмалы жолға келгенде рөлге ие бола алмай, ағашқа барып соғылған.

3. Демалыс күндері қалаға кіре беріс жолда тағы бір көлік апаты болды. Тура көпір үстінде 2 автомобиль соқтығысты. Нәтижесінде екі темір тұлпардың бірі метал қоршауға барып соғылған. Оқыс оқиға кешкі 10-дар шамасында болды. Мерседес Қоңырат м\а, ал Ниссан керісінше Балқаштан шығып келе жатқан. Алайда, көпірдің үстінде неміс көлігі тайғанап, қарсы жолаққа шығып кетеді.

4. Балқашта Ленин көшесінде жөндеу жұмысы жалғасуда. Мердігерлер көше қиылыстарына асфальт төсеуде. Қазір қала басшылары асфальттың сынамасын алып кеткен, қарағандылық мамандардың зерттеу қорытындысын күтіп отыр. Сол арқылы жол сапасына баға беріледі.

5. Балқашта уақытша тоқтатылған ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданды.

6. Балқаштық бишілер халықаралық конкурста жеңіске жетті. Оқушылар сарайының «Аяла» би ансамблі гран-при иеленді. Гран-при иеленген жерлестеріміз желтоқсан айында өтетін тағы бір халықаралық байқауға шақырту алған. Егер олар онда да жеңіс жетсе Ресей елінде өтетін таланттар шоуына қатысады.

7. Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан өткен қалалық турнир өз мәресіне жетті. Нәтижесінде БЖСМ ұжымы биылғы жылдың жеңімпазы атанды. Ал былтыр бірінші орын алған №15 мектеп биыл екінші орынды қанағат тұтты. Қола жүлде денешынықтыру сауықтыру кешеніне бұйырды.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать