Балқашта жол талғамайтын көлік ағашқа соғылды

Балқашта жол талғамайтын көлік ағашқа соғылды. Автокөлікте тек жүргізуші ғана болған. Жол көлік оқиғасы кеше кешкі сағат 11-лер шамасында қалалық бассейннің маңында болды. Алдын ала мәліметке сүйенетін болсақ, жол талғамайтын көлік Қадыржанов көшесімен 4 мектепке қарай бағыт алған. Алайда, айналмалы жолға келгенде рөлге ие бола алмай, ағашқа барып соғылған. Автомобиль иесі зардап шекпеді. Ол ауруханаға барып, тексерістен өтуден бас тартқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать