##i-vengo banner

Балқашта көпір үстінде 2 автомобиль соқтығысты

Демалыс күндері қалаға кіре беріс жолда тағы бір көлік апаты болды. Тура көпір үстінде 2 автомобиль соқтығысты.Нәтижесінде екі темір тұлпардың бірі метал қоршауға барып соғылған. Оқыс оқиға кешкі 10 дар шамасында болды. Mersedes Қоңырат м\а, ал Nissan керсінше Балқаштан шығып келе жатқан. Алайда көпірдің үстінде неміс көлігі тайғанап, қарсы жолаққа шығып кетеді. Салдарынан алдында келе жатқан  Nissan ға барып соғылып, метал қоршауға барып бірақ тоқтаған. Абырой болғанда зардап шегушілер жоқ. Жедел-жәрдем қызметкерлері екі көлік иесіне де алғашқы көмек көрсеткен. Алайда, олар ауруханаға барудан бас тартыпты. Енді жол апатына себеп болған Mersedes иесі келтірген шығын көлемін өтейді.

Қуат Хайдаров –облыстық ТЖБ медицина және апат орталығының жетекшісі

«Көлік апатынан зардап шеккендер жоқ. Екі жүргізуші де аман-есен. Денсаулықтарына айтарлықтай зақым келмеген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать