##i-vengo banner

Балқашта жыл мұғалімі анықталды

Балқашта жыл мұғалімі анықталды. Бүгін конкурстың финалдық кезеңі өтті. 17 мұғалімнің ішінен суырылып алға шыққан 7 оқытушы  сахнаға шығып ел алдында өнерлерін паш етті.  Өздері құрастырған әдістемелік құралдарымен таныстырды. 

Конкурстың алғашқы кезеңі  педагогтың визиттік карточасы. Ұстаздар сайыстың бұл кезеңіне тыңғылықты дайындалған. Бірі өзі туралы мәліметті әнге қосып айтса, енді бірі өзін қара өлеңмен өрнектеп таныстырды.

Екінші кезеңде мұғалімдер өздері дайындаған әдістемелік құралдарын таныстырды.Мысалы №16 мектептің химия пәнінің оқытушысы  Бақыт Дуанбекова  ағылшын тілінде дидактикалық материалдар жинағын құрастырған. Жинаққа  ойын, тест сұрақтары, сөзжұмбақ секілді түрлі қызықты тапсырмалар  енгізіпті.

Бақыт Дуанбекова-№16 мектептің химия пәні мұғалімі

« 2018 жылдың басында үш тілдік курстарға жіберген болатын. Сол курстарда 10 ай оқып, өз тәжірибемді дамытып келдім. Қазіргі уақытта 2019 жылы 10-11 сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға өзімді толықтай дайынмын деп ойлаймын».

Үшінші, төртінші кезеңде мұғалімдер ситуациялық сұраққа жауап беріп, өз өнерлерін паш етті. Алайда өздері өте қобалжулы. Оны сахна сыртындағы тұрыстарынан байқауға болады.Әрине 30 оқушының алдында тұрып сөйлегеннен гөрі, 200 көрерменнің алдына шығу қиынырақ. Деседе, бұл ұстаздар байқаудың 1,2 кезеңінен сүрінбей өтіп финалға жеткендер.

Әсия Бектұрғанова-қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі

« Сайыс қазан айының 9 нан басталды. Ең бірінші әрбір мұғалім таныс емес иновациялық мектептерде сабақ берді. Екінші кезең сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Олда таныс емес. Иновациялық сыныптарда.  Енді 17 мұғалімнің 7 осы қорытынды кезеңге танысып отыр.

Ұстаздардың өнері мен шығармашылық қабілетін білім бөлімінің жетекшісі Гүлмира Ағдарбекова бастаған білікті педагогтар қауымы баға берді.  Қазылар алқасының шешімі бойынша 4 мектептің дене шынықтыру мұғалімі Александра Варкулевич жыл мұғалімі атанды. Енді ол облыстық сайыста қала намысын қорғайтын болады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать