Өз-өзін өртеп жіберген ер адам тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді

Өз-өзін өртеп жіберген ер адам тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған болатын. Жағдайы түзелмегеннен кейін жергілікті дәрігерлер облыстық мамандардың көмегіне жүгінді. Енді өртеу арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат Мақажанов атындағы клиникада емделеді. Ал оқыс оқиға сенбі күні түнгі сағат 11 де жұмысшы кентінде болды. Кей мәліметтер бойынша ер адам үстіне бензин құйып, өзін жағып жібергісі келген. Нәтижесінде денесінің 60 пайызын күйік шалды.  Басы, беті, қолы, төсі және іші күйіп қалған. Дәрігерлер оны бірден жан сақтау бөліміне жатқызып, жедел көмек көрсетті. Алайда  4 күн бойы оның жағдайы түзелмеген. Сол себепті бүгін ол тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді. Оны әрі қарай Мақажанов атындағы клиниканың мамандары емдейтін болады.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі

«Науқастың жағдайы өте ауыр. Көп жері күйіп қалған. Оны Қарағандыға ауыстырдық.  Сол жерде оған операция жасалады. Пластикалық ота да жасалуы мүмкін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать