##i-vengo banner

Балқаштық оқушы Бразилияда өткен пәндік олимпиададан бірінші орын алды

Балқаштық оқушы қыз Бразилияда өткен сайыста бірінші орын алды. Аяжан Әбдікаримова биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, өз жобасын сәтті қорғап шықты. Енді ол Қазақстанның кез-келген ЖОО грантқа түсе алады.  Зияткер мектебінің оқушысы қорғаған жоба тақырыбы «Құрамында целлюлозасы бар қалдықтардан биологиялық жолмен этанол алу».  Аяжан Әбдікәрімова бір жыл бойы химия пәнінің мұғалімімен бірге осы тақырыпты зерттеген. Нәтижесінде арнайы ферменттің немесе ашытқының көмегімен кез-келген табиғи қалдықтан этанол алуға болатындығына көз жеткізеді. Яғни экологияға еш зиян тиігзбестен, дайын өнім алады.  Ал этанол дегеніміз түссіз спирт. Сұйықтық өндірісте, медицинада қолданылады. Бразилияда биология пәнінен өткен олимпиадаға 25 мемлекеттен 600 оқушы қатысқан. Қазақстаннан 35 оқушы барыпты. Олардың жартысы күміс және қола медальмен оралды. Ал бірінші орын жерлесіміз Аяжан Әбдікәрімоваға бұйырды. 11 сынып оқушысы енді Қазақстанның кез келген ЖОО химия-биология факультетіне  грантқа түсе алады.

Аяжан  Әбдікәрімова – халықаралық олимпиада жеңімпазы

«Менің жобамды қорғауға ұстазым өте көп көмектесті. Қазір әлем экологияға өте алаңдулы. Ғалымдар оны сақтап қалу жолдарын зерттеуде. Мен де оған үлес қосқым келеді. Себебі әлемді сақтап қалу үшін бірінші табиғатты қорғау қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать