Балқашта жедел-жәрдем көліктері түсін сарыға өзгертті

Жаңа дизайн! Қаладағы жедел-жәрдем көліктері түсін сарыға өзгертті. Денсаулық сақтау министірінің бұйрығы бойынша автомобильдер жаңа кейіпке енді. Жаңа стандарт өткен жылы бекітілген болатын. Сол бойынша жедел жәрдем қызметінің барлық көлігі лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтер  жапсырылады. Жыл соңына дейін елдегі барлық медициналық көмек көрсететін траснпорттар жаңа дизайнға көшуі тиіс. Балқашта қазір 6 көлік түсін өзгертті. Жақында тағы екеуі боялады. Тек біреуін бояуға 1 апта уақыт жұмсалады екен. Бұл жұмыстарды тендерді ұтып алған жергілікті компания жүргізуде.

Виктор Ли – медициналық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі

Жедел жәрдем көліктері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бірыңғай стандарттарға сәйкестендірілді. Жарқын түске боялған төтенше қызмет көліктері алыстан көзге бірден түседі. Демек  жолда жүру жылдам әрі қауіпсіз болмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать