Балқаш қаласының ІІБ жұмысқа тұруға мүмкіндік туды

Қалалық ІІБ жұмысқа тұруға мүмкіндік туды. Қазір жол патурль полиция ротасына 14 тәртіп сақшысы қажет. Сонымен бірге жол техникалық инспекция тобында инспектордың орны бос. Кандидатттарға қойылатын талаптарға тоқталсақ. Жол патурль полиция ротасына әскери міндетін өтеп келген, 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Заңгер мамандығы бойынша дипломы болуы шарт емес. Орта білімді болса болғаны. Алайда міндетті түрде В, С санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Ал жол техникалық инспекция тобына инспектор болып жұмысқа тұру үшін офицерлік шен қажет. Оған қоса жоғары техникалық білімі болуы міндет. Кандидаттар жұмысқа тұрмас бұрын ҚР заңнамасын білу  бойынша тест тапсырады. Одан сүрінбей өткендердің физикалық дайындықтары сыналады және денсаулықтары мұқият тексеріледі.

Зухра Бабалинова-ІІБ кадр жұмысы тобының инспектор-психологы

«ІІБ жұмысқа тұрғысы келетін азаматтар осында келіп кадр бөліміне жүгінулері қажет. Біз керекті құжаттар тізімін береміз. Соны жинағаннан кейін Қарағандыға барып тестілеуден өтеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать