Балқашта орталық  саябақтағы  мүсіндер  жаңартылды

Бүгін   орталық  саябақтағы  мүсіндер  жаңартылды. Мектеп оқушылары 10 жыл  бұрын  ағаштан  ойылып  жасалған әртүрлі  пішіндерді лакпен бояп, тым  ескіріп қалғандардың  орнына  жаңасын  қойды. Осылайша  балалар  тоқсандық  демалыстарының  алғашқы  күнін   пайдалы іспен  бастады.

Демалысты  тиімді  өткізуді  мақсат  еткен балалар бүгін  саябаққа  келді. Таң сәріден бастап № 7 мектеп  гимназиясының  оқушылары   ағашқа  ойылған  әжейдің бейнесін  қалыпқа келтіруде. Өйткені,  бірнеше жыл бұрын  өздері  орнатқан  мүсін  күн астында тұрып түсін жоғалтқан  көрінеді.

Бақнұр Қадыров –№7 мектеп  гимназиясының  оқушысы:«Біз  фигурамен  апаны  жасап жатырмыз. Бұны  бірінші  ағартып  сосын лакпен боямыз.Бұл  фигураның  тұрғанына  5 жылдай болды».

Ал  нөмір  10  мектептің  оқушылары  2009  жылы жасаған туындаларын таппаған  соң,  жаңасын  ойлап табуға тура  келді. Алайда,  бұл жолы  қызды емес  бүркіт  бейнесін   қара  ағаштан ойды.

Ұлан Дәуренбеков — №10 мектептің  көркем  еңбек  пәнінің  мұғалімі:«Жас бүркітті  біз 2 сағатта жасадық, оқушылармен бірге. Мұның керек  деген негіздерін  балтамен кесіп алдық. Кепкен ағаштан  тауып, кесіп алдық. Енді  сыртын  қашап, лак  жағу ғана қалды».

Жалпы,«Мен  өз қаламды  сүйемін» атты  акция аясында    қоғамдық  орындар  күл-қоқыстан  тазартылып, 20-дан аса ескі  мүсіндерге  жаңа рең берілді.

Ольга Садвокасова – қалалық  білім бөлімінің бас маманы:

«Менің  сүйікті  қалам  акция аясында демалыс орындар  тазартылды. Құрғақ  шөптер жиналды. Қазір  саябақтағы  мүсіндерді  сырлап жатырмыз. Келер  көктем  айларында  ағаш  пінішдердің қатарын көбейтеміз  деген жоспар бар».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать