##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 24.10.2018

1) Балқаштық  тәртіп сақшылары су жаңа қызметтік көлікке ие болды. Облыстық ІІД Балқаш полициясына 4 «Lada vesta» көлігін табыс етті. Енді ресейлік автомобильдермен жол партульдік полициясы   жүретін болады.

2) Қалада кәсіпкерлер саны артуда. Биыл «Бизнес жол картасы 2020»  бағдарламасы аясында  құны 100  миллион  теңге болатын үш  жоба іске қосылды. Бұдан бөлек, жыл соңына  дейін  тағы  үшеуі  мақұлданып, бизнес  нарығына енбек.

3) Медиация-бейбітшілік құралы. Осындай  тәртіппен  қалалық сотта 200 арыз шешімін тапты. Онда  азаматтық  істерден  өзге,  қылмыстық  құжаттар  да қаралды. Ал оның өту процессінің бірі  мысал  ретінде  көрсетілді.

4) Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету 100 пайыз электронды форматқа көшеді. Мәселен, 2019 жылдан бастап еңбек  кітапшасы болмайды. Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы  келісім шарт — онлайн түрде жүргізіледі.

5) Балқаштық балғын халықаралық Азия  чемпионатында чемпион  атанды. NomadMMA бойынша аралас жекпе-жектен жерлесіміз Бекназар Кәміл 300 баланың  ішінен  оза шапты.

6) Сонымен  қатар, балқаштық каратешілер Қазақстан чемпионатынан 42 медальмен оралды. Оның  ішінде  15 балқаштық  чемпион атанды. Ал дүбірлі  дода  Теміртау қаласында  каратенің 4 түрі бойынша   ұйымдастырылды.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать