Балқаштық балғын Азия чемпионы атанды

Балқаштық балғын халықаралық Азия чемпионатында чемпион атанды.NomadMMA бойынша аралас жекпе-жектен жерлесіміз Бекназар Кәміл 300 баланың ішінен оза шапты. Ал сайыс Астана қаласында өтті. Оған көрші Ресей, Қырғызстан,Өзбекстан, Пәкістан, Дагестан және Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты. 10 мен 12 жас аралығындағы балғындар екі күн бойы татами төрінде таразыға түсіп, үздіктердің үздігін анықтады. Нәтижесінде, балқаштан барған 5 баланың үшеуі жүлдеге қол жеткізді.Бір алтынды «Зияткер» мектебінің оқушысы Бекназар Кәміл иеленсе, қалған екі күмісті Берік Төлеутаев пен Максим Дюсюпов қоржынға салды.

Бекназар Кәміл – NomadMMA бойынша халықаралық чемпионаттың чемпионы
«Мен үшін ең қиыны ақтық сын болды. Онда мен Қарағандылық спортшыға қарсы шықтым. Барымдысалып төбелестім. Аяқ пен қолымен үздіксіз қимылдадым. Соның арқасында ұпай бойынша жеңдім».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать