Үш балқаштық боксшы облыс біріншілігінде чемпион атанды

Жерлестеріміз жарады. Үш балқаштық боксшы облыс біріншілігінде чемпион атанып, тағы үш бала қола мен күмісті қоржынға салды. Облыс біріншілігі 14 пен 15 жас аралығында өтті. Оған мықты деген 200 былғары қолғап шебері қатысып, 14 салмақ дәрежесіне бөлінді. 42 мен 80 келі аралығындағы балалар 5 күн бойы шаршы алаңның шаңын шығарды. Нәтижесінде, 11 балқаштықтың алтауы жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, үшеуі алтыннан алқа тақты. Біреуі күміспен, екеуі қола медальмен марапатталды. Ал оның ішінде 15 жастағы Ерасыл Ермек 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Енді осылайша үздік өнер көрсеткендер қараша айында Қазақстанның аймақтық сайысына баратын болады.

Ерасыл Ермек- бокстан облыс біріншілігінің чемпионы: «Осы жарыста 4 жекпе-жек өткіздім. Оның екеуін айқын басымдылықпен жеңдім. Екеуін ұпай саны бойынша жеңдім. Финалда спорт мектебінің баласымен шықтым. Қиын болды. Оны 2:1 ұпаймен ұттым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать