Балқаштық төтенше жағдай қызметкерлері марапатталды

Ертең құтқарушылар күні. Осыдан 23 жыл бұрын 1995-жылы 19-қазанда төтенше жағдайлар қызметі құрылған болатын. Бүгін осыған орай қалалық Нұр Отан партия ғимаратында салтанатты шара ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталды. Жиын барысында сөз алған жандар алдымен халыққа қалтқысыз еңбек етіп жүрген мамандарға ізгі тілектерін жеткізді. Кейін үздіктер ұлықталды.Атап айтқанда,10-15 жыл бойы адал қызмет атқарып жүрген 4 маман Ішкі істер министрлігінің екінші дәрежелі «Мінсіз қызмет» медалімен марапатталды.Оған қоса, қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің 6 маманы қала әкімінің алғысымен, құрмет грамотасына ие болды. Сонымен қатар, ТЖБ басшысы өрт қауіпсіздігін алдын-алуды насихаттап жүрген 4 азаматқа ризашылығын жеткізді.

Бауыржан Хабдуллин -Балқаш қаласының ТЖБ басшысы:«Адам өмірін сақтап қалу біздің басты міндетіміз.Біз ол үшін күндіз-түні жұмыс істейміз. Қызмет қауіпті болғанымен жауіпкершілігі мол.Сондықтан келе жатқан мерекемен барлық әріптестерімді құттықтап, бізге көмектесіпжүрген тұрғындарға алғысымды білдіремін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать