Балқаштық балалар құтқарушылардың жұмысымен танысты

Балқаштық балалар құтқарушылардың жұмысымен танысты. Ол үшін оқушыларға орталық көшеде арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда балғындар мамандардың техникаларымен қатар құралдарымен де жұмыс істеп көрді.
Көрмеге келген балалар ең бірінші апаттар медицина орталығының жұмыстарымен танысты. Білікті мамандар жол бойында болатын оқиғаларға қалай көмек көрсету жолдарын айтып берді. Барлық құралдарын көрсетті. Оның ішінде науқасқа дем жіберу аппаратынан бастап, жүректі қуаттандыру, тіпті жүкті әйелді босандырып алуға арналған заттарында ел назарына ұсынды. Осындай құрылғылардың арқасында бүгінгі күнге дейін жол апатынан зардап шеккен 29 жолаушыға көмек көрсетіліп,21 адам емханаға жеткізілді.Бұл азаматтар медициналық жәрдемнен өзге көліктің ішінде қалып қойған адамдарға да көмектеседі. Яғни, мынандай құрылғымен темірлер оп-оңай кесіледі. Сәйкесінше, адамдарды дер кезінде құтқаруға мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек балқаштық балалар өрт сөндіру техникасын көзбен көріп, мамандардың кәсіби қызметіне қанықты. Жалпы, бір сағатқа созылған көрмеге 8 арнайы техника қойылды.

Рауан Рымтаев- №24 мектептің оқушысы:« Маған біріншіден өрт сөндірушінің жұмысы ұнады. Және осы жұмысқа түсемін. Өрттен қорғайтын 200 градусқа денйін шыдайтын киім ұнады.Ол ыстыққа төтеп беру үшін және улы заттарға арналған киім».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать