##i-vengo banner

Балқашта кәмелет жасқа толмаған 4 қыз бала жүкті болды

Балқашта жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған төрт қыз жүкті болып, есепке алынды.Оның ішінде үшеуі аборт жасатып, біреуі жас ана атанды. Бұл — қаламыздағы «Ғибрат»атты жастар денсаулық орталығы келтіріп отырған мәліметтер. Сәуір айында ғана есігін ашқан орталыққа бүгінгі күнге дейін 100-ден аса жасөпірім көмекке жүгініпті. Бойжеткен мен бозбалалар жыныстық қатынас туралы, ондағы қорғанудың жолдары жайлы сұрақтарына жауап алған. Қыздарға жүктілік жайлы жеке ақпарат та берілген. Ал бұл орталыққа кез-келген жас буын өкілі келіп, білікті мамандарға толғандырған сұрақтарын қоя алады. Бұл жерде барлығы анонимді түрде жүргізіледі. Жастар үшін таңғы сағат 8-ден кешкі 5-ке дейін психолог, юрист, гинеколог секілді дәрігерлер көмек көрсетуге дайын. Мекен жайы: Қазбекова көшесі,25 үй. Сенім телефоны: 8 747 150 84 50.

Гаухар Смагұлова – «Ғибрат» жастар денсаулық орталығының жетекшісі

«Ғибрат жастар денсаулық орталығына 11-20 жас аралығындағы өзінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік заңдық тұрғыдағы мәселелерін шешуге бағытталған кез-келген тұлға бізге келе алады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать