Балқашта балалар телестудиясы ашылды

Балқашта балалар телестудиясы ашылды. Онда 10 мен 18 жас аралығындағы балалар жаңалықтар жасап, сюжте түсіруді үйренеді. Бүгін жас журналистер мен операторлар өздерінің алғашқы теле туындыларын көрсетті. Ал бідің тілшілер болашақ әріптестерінің жұмысын бағалап қайтты.

12 жастағы Шырайлым Ермекова тележүргізуші болуды армандайды. Балалар телестудиясының ашылуы ол үшін жақсы жаңалық болды. Арманына қол жеткізгісі келген оқушы үйірмеге жазылған. Қазір камераның алдында дайындаған мәтінін оқып, сөйлеу және өзін-өзі ұстау мәнерін үйренуде.

Шырайлым Ермекова – «Стоп-кадр» үйірмесіне қатысушы:
 Мен үйірмеге қатысқаныма 1 ай болды. Осы 1 айда тілшінің қандай болу керектігін, ақпараттар алу тәсілін, әңгімелесушіге қандай сұрақтар қою керектігін т.б көп мәліметті білдім.

Бұл жерде тек болашақ тележүргізушілер мен журналистерді ғана емес сондай-ақ операторларды да дайындайды. Ұлдар камераның қыр сырын біліп, түсірілімге де барып үлерген. Хенд-мейд және сіз білесіз бе? Секілді бағдарламалар түсірген. Енді мектеп жаңалықтарын жарыққа шығармақ.

Нұрасыл Мадияров-«Стоп-кадр» үйірмесіне қатысушы:
«Светті қоюды үйрендік,  маған бұл жерде ұнайтыны қолыма камера ұстаймын. Және де түсіргенді ұнатамын».

Үйірмеге қатысушылар түсірген дүниелерін осында монтаждап, дайын бағдарламаға айналдырады. Жалпы жоба 4 жылға арналған. Құны 6 млн теңге. Биыл соның 1 млн игеріліпті.

Думан Қалыбаев – «Стоп-кадр» үйірмесінің жетекшісі:
«Техникалық жағынан біз арнайы монтажға арналған компьютер алдық. Монтаждық бағдарламалар алдық, штатив, камера, свет. Әлі де қосымша құрылғылар сатып аламыз.

Болашақ журналистер мен операторларға арналған үйірме оқушылар сарайында ашылды. Қатысу тегін. 10 мен 18 жас аралығындағы оқушылар қабылданады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать