Алаяқтарға алданып қалмаңыз!

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігіне Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығынан Еуропадағы алаяқтық сызба туралы ақпарат келіп түскен.

Сызбаға  сәйкес алаяқтар «LinkedIn» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға бәсекелі жалақы, тұрғын үй, көлікті қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ Ұлыбританияға виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін қажетті 1300-5000 фунт стерлинг көлеміндегі соманы аударуды сұрайды. Сенгіш қазақстандықтар талап етілетін соманы (кейде қарыз қаражат есебінен) төлегеннен кейін алаяқтар байланысқа шықпайды.

Осындай компаниялардың бірін қауымдастық тексеріп, оның британдық компания тізілімінде тіркелгенін, оның иесі испан азаматы екендігін және жарғылық капиталы тек 1000 фунт стерлинг екендігін анықтады. Осылайша, аталған компания шетелдік қызметкерлерді жалдауға және оларға жоғары жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз етуге қабілетсіз болып табылады.
ҚР СІМ қалыптасқан жағдайды және қазақстандықтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін бірқатар алдын алу және түсіндіру шараларын қабылдауды қисынды деп санайды.

Қарағанды облысы
Әділет департаменті

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать