Биыл 78 балқаштық тұрғын психоневрологиялық диспансерге есепке алынды

Биыл 78 балқаштық тұрғын психоневрологиялық диспансерге есепке алынды.Оның ішінде 8-і балалар. Бұл ағымдағы жылдың 9 айына жасалған санақ. Ал жалпы бүгінгі күні аталмыш ауруханада 1074 тұрғын есепте тұр.Атап айтқанда,оның 933-і ересектер болса,44-і жасөспірімдер.Және 97-і балалар.Алайда,оған қарамастан 50 науқас дәрігерлердің басты назарындағы тізімнен алынды. Мәселен,6 азаматтың денсаулығы тұрақтанды.12 тұрғын тұрғылықты мекен-жайын ауыстырып, басқа қалаға көшіп кетті.Ал 19 адам қайтыс болды.Бұдан өзге 9 айдың ішінде 617 науқас психоневрологиялық диспансерге  түсіп, 615-і үйге шығарылды.

Жанар Алғожина-облыстық психоневрологиялық диспансердің №13 бөлімшесінің меңгерушісі:«Психоневрологиялық диспансерге адамдар әртүрлі психикалық диагнозбен түсіп жатады. Бірақ араларында шизофрения дертіне шалдыққандар көп.Сондай-ақ ақыл-есі кем,невроз ауруымен сырқат жандар ды есепке аламыз. Олардың арасында ер адамдар көбірек»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать