Зауыт жұмыскерлері балқаштық ардагерлерге құрмет көрсетті

Қариясы бар ел-қазыналы ел.1 қазан халықаралық қарттар күнінде балқаштық ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Зауыт жұмыскерлері бейбіт күн үшін қан төккен батырларды құттықтап,азық-түлік қоржындарын табыстады.
Балқаш мыс балқыту зауытының директоры Ербол Айбеков бастаған топ алдымен қаламыздың құрметті азаматы,ҰОС ардагері Ыбырайым Ынтықбаевтың үйіне бас сұқты.98 жастағы қарияны мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Арнайы дайындаған сыйлықтарын табыс етті.
Клавдия Кочетова – Қиыр Шығыс жерінде майданға қатысқан.Ұлы Отан соғысының ардагері. Мейрам күні 96 жастағы қарт апайға да сый құрмет көрсетілді. Одан кейін зауыт қызметкерлері Тлеуғабыл Артықов пен Семен Плесин есімді майдангерлердің үйлерінде қонақта болып қайтты. Сонымен қатар, бүгінгі мерекеде 84 тыл ардагері де назардан тыс қалмай, сый-сияпатқа бөленді. Құрметті азаматтарға азық-түлік қоржындары үлестірілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать