Балқашта ыстық су тоқтатылады

Балқашта бүгін ыстық су тоқтатылады. Сағат түңгі 00:00-ден бастап барлық үйде өшіріледі. Өйткені, қазан айының 5-нен бастап жылу жүйелері сынақтан өтіп, кем-кетігі кеткен жерлер жөнделетін болады. Ал Балқаш тұрғындарына ыстық су жылумен бірге қазан айының 15-не дейін беріледі деп жоспарлануда.

Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы:«Ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап ыстық суды алатын боламыз. Өйткені, біз жылу жүйелерінің тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Біз негізі жоспарлап отырмыз 10 — қазаннан бастап ыстық су мен жылуды бірге беруді».

Сонымен қатар, қалаға жылу берілген уақытта Қоңырат кенті де жылумен қамтамасыз етіледі. Онда биыл үш қазандық жөндеуден өтіп, іске қосылуға дайын тұр. Ал төртіншісінің құрылысы осы аптаның соңына қарай аяқталмақ.

Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы:«Соған байланысты біз Қоңырат мөлтек ауданына жылуды 2 қазандықпен кіреміз. Бір қазандық жұмыс істейді. Екіншісі резервте тұрады. Біріншісінің температуралық жүйеге еш әсері тимейді. Соған байланысты жылу маусымының басталғанының өзін де бірінші қазандыққа жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать