Балқашта ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Бүгін Балқашта ұстаздар ұлықталды. Мұғалімдер күніне орай оқушылар сарайында салтанатты жиын өтті. Оқытушыларды қала әкімі құттықтады.Жиында 26 ұстаз марапатқа ие болды. 5 мұғалімге білім минсистірлігінің, 4 оқытушыға облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы табысталды. Тағы 17 адам қала әкімінің алғыс хатын алды. Мерекеде жас педагогтар және білім саласының ардагерлері өз әріптестеріне жылы лебіздерін арнап, құттықтауларын жеткізді. Кеш әрі қарай мерекелік концертке ұласты.

Жазира Шармұханбетова-Абай атындағы №2 лицейдің директор орынбасары:»Кез-келген ұстаз өзіміздің қоғамға сапалы, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуге міндетті. Көп жылдық еңбегімді бағалап, қала әкімінің құрмет грамотасымен мараптталып жатырмын, соған қуаныштымын. Мамандығымды өте қатты сүйемін. Биыл облыстан орын алып, республикалық жобалар сайысына аттанайын деп отырмын».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать