Балқаш жаңалықтары 01.10.2018

1. Балқашта мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1200 оқушыға манту сынамасы салынды. Алайда 30-ға жуық ата-ана туберкулездің алдын алу үшін жүргізілетін шарадан бас тартты.

2. Балқаш көліне 70 мыңнан астам шабақ жіберілді. Балық аулауды кәсіп еткен мекемелер қорды молайту үшін жылына бір рет балықтандыру науқанын өткізуі тиіс.

3. Биыл балқаштық кәсіпкерлер 400 оқушыны мектепке дайындады. Жомарт жандар « мектепке жол» республикалық акциясы аясында оқуға қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтардың барлығын сатып берді.

4. 1-қазан қарттар күні. Осы күнге орай Балқаштық ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Зауыт жұмыскерлері бейбіт күн үшін қан төккен батырларды құттықтап,азық-түлік қоржындарын табыстады.

5. Бүгін бүкіл әлемде қарттар күнін атап өтуде. Бұл дата осыдан 25 жыл бұрын бекітілген. Осы күнге орай біздің тілшілер заманауи әрі белсенді қариялар жайында сюжет дайындады. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз зейнетке шыққаннан кейін спортпен айналысып, ғаламторды меңгергендер.

6. Мәдениет бөлімі балқаштық қарттар арасында байқау жариялады. Конкурсқа 70-85 жас аралығындағы егде жастағы адамдар қатысып, бақтарын сынай алады. Бірінші бөлімде қатысушылар өлеңмен немесе қара сөзбен өз-өздерін таныстырулары тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать