Балқаш жаңалықтары 27.09.2018

1) Балқашта «Борышкер» атты шара аяқталды. Нәтижесінде, жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден қашып жүрген жүргізушілер жаппай жазаланды. Атап айтқанда, 3 көлік иесі 5 күнге уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2) Қарағанды облысы білім саласында жасалған жемқорлық фактілері бойынша елімізде үздік үштік қатарында. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі осындай мәліметті жария етті. Орталықта 2018 жылдың басынан бері 4 жетекшіге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.

3) Дәрігерден жолдама алмай-ақ, тегін флюрографиялық тексерістен өту мүмкіндігі туды. Тұрғындарды далада қабылдайтын жылжымалы кешен іске кірісті. Бүгін көлік Қазбекова көшесіндегі №1 емхана емделушілерін қабылдады.

4)Бүгін шаһарда«Жібек жолы бойындағы сұхбаттар»халықаралық мәдениеттанушылық жобасы жалғасын тапты. Жұртшылық алдымен қалалық оқушылар сарайының ғимаратында «Жібек жолындағы сұхбаттар» атты көркем фильмді тамашалады.

5) Деректі фильмнен кейін «Ұлы Жібек жолы-тарих және қазіргі заман» атты 12-ші ғылыми конференция ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар, жастар қозғалысының мүшелері мен шет елден ат басын бұрған ғалымдар және түрлі ұлт өкілдері қатысты.

6) Балқашқа қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы келді. Ұрпағы Мұрат Әуезовтың өзі де атақтан кенде емес. Белгілі мәдениеттанушы, ғалым және қоғам қайреткері. Құрметті қонақ қала жастарымен, шаһар белсенділерімен кездесті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать