Балқаш жаңалықтары 24.09.18

1) Балқаш маңында көлік апатынан бір адам қаза тапты. «Газель» мен «Тoyota» көліктері бір біріне соғылып, адам өліміне себепші болды.

2) Қалада немересі әжесін балконға қамап қойды. Үйге қайта кіру үшін құтқарушыларды шақыртуға тура келді. Оқиға Әлімжанов көшесіндегі 12 үйде, 5 қабаттағы пәтерде болды.

3) Балқашта жарық ақысы қымбаттады. Енді 1киловатт электроэнергияның құны 15 теңге 90 тиын болмақ.

4) Заңсыз балық аулаушылар ұсталды.Шаһардың 6 тұрғыны құжатсыз нәпақа тауып жүрген жерлерінде құрықталып, 14500 теңгеден айыппұл төледі.

5) Қан тапсырып-донор бол!26 қыркүйек күні Балқашта қан тапсыру акциясы ұйымдастырылады. Ол үшін өңірге облыстық арнайы мамандар келмек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать