Балқаштық кәсіпкерлерге кассалық аппарат орнату міндеттеледі

2018 жылдың 1 қазанына дейін жеңілдетілген салық жүйесімен жұмыс жасайтын 27 түрлі бизнес өкілі бақылау кассалық аппаратты орнатуға міндетті. Әйтпесе, 36 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.Себебі жаңа жүйе арқылы елімізде көлеңкелі бизнес жойылып, кәсіпкердің төлейтін міндетті салық мөлшері толық есептелетін болады. 2015 жылдан бастап енгізілген мұндай заң жүйесі биыл толықтырылды. Бұрын бақылау кассалық машиналар тек ішімдік, жиһаз,сұлулық салондары секілді 10 қызмет түріне тиесілі болса, енді бұл тізімге тағы 17 қызмет енгізілді. Енді көлік бөлшектерін сататындардан бастап жарнама агенттіктері, киім-кешекпен айналысатындар да кассалық аппаратты орнатуға міндетті.Толық тізімді қалалық мемлекеттік кірістер басқармасынан біле аласыздар.

Эльмира Тоқметова- қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:«Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген өзгеріс 2018 жылдың 1 қазанында өз күшіне енеді.Содан бастап мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерге ескерту қағаздарын жіберетін болады. Олар 30 күннің ішінде бақылау кассалық аппаратты орнатпаса бір жолға тек ескерту айтылып, бір жылдың ішінде заңды орындамаса айыппұл салынады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать