Жол көлік оқиғасынан 4 балқаш тұрғыны зардап шекті

Алматы-Екатеринбург тас жолында тағы жол апаты орын алды.Салдарынан 4 балқаштық тұрғын зардап шекті. Оқиға, бүгін таңғы сағат жетілер шамасында шаһардан 70 шақырым қашықтықта болды. Жүйіткіген «Тоуоta» көлігі жолда келе жатып, аударылды. Салдарынан тұлпар ішінде болған 4 адамның барлығы зардап шекті.Түрлі дене жарақаттарын алған жерлестеріміз қазір қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Қуат Хайдаров – медицина және апат орталығының жетекшісі:«Зардап шеккен науқастар бас ми жарақаттарын алған. Кеуделеріне қатты соққы тиген. Қабырғалары сынғаны немесе сынбағандығы әлі анықталып жатыр. Денсаулықтары орташа».  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать