Қазақстанда 7 айдың ішінде 8 млн.теңгеге жуық жалған ақша тәркіленді

Қазақстанда 7 айдың ішінде Қаржы министрлігі 8 млн. теңгеге жуық жалған ақшаны тәркіледі. Оған қоса, 10 млн. теңгеден астам шетелдік валюта айналымнан алынды. Жасанды ақшалар көбінесе Алматы, Астана, Қызылорда және Қарағанды облысында табылды.

Арам пайдақорлар көбінесе 10000, 2000 және1000 теңгеліктерді жақсы көредіСебебі олар айналыста кеңінен таралған және оған ешкім мән бермей жатады. Сондықтан, осындай ақшаларды бірден айырбасқа жібереді. Дүкен, базарларда ұсатып, қажетті заттарын сатып алады. Сәйкесінше, ондай жерлерде екінің бірі ақшаны тексермей ала беретіні рас.

Ал негізі банконттың түпнұсқалығын анықтау соншалықты қиын емес. Сезін-қара-аударып көр деген үшін әдіске мән берсе болғаны.Мәселен, ең бірінші ақшаны сезіну қажет. Банкнот қазағы ерекше шытырлайды.Оған қоса, әрқайсысында саусақтың ұшымен ажыратуға болатын мөр басылған.Содан соң ақшадағы білгілер таза, айқын болуы керек. Сондай-ақ әрбір қаржыда нақты мифтік бейнелер болады.

Қазіргі кезде ұлттық валютаға енгізілген қорғаныш элементтерінің саны 11-ге жетті.Біріншісі түсін өзгертетін арнайы бейнелер. Олар ақшаны аударған кезде немесе көлбеу бұрышын өзгерткен уақытта олардың түсі жасылдан алтындатылған түске дейін өзгереді. Бұған қоса әрқайсысында біріккен ерекше сериялық нөмірлері мен ұлттық бейнелі сурет бар. Сол сияқты қағаздың бетінде жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде көрінетін тұтас магнитті және үзік-үзік жіпті көруге болады.Одан өзге, купюраларда ұзындығы 13 мм құрайтын голографиялық сурет болады. Онда ұлттық бейне фрагменттер суреттелген.

Алайда, осындай ерекше белгілеріне қарамастан ақшаны қолдан жасайтындар саны артуда. Биылғы жылдың 7 айында 8 млн теңге жасанды ақша айналымнан алынды. Оған қоса, 10 млн. теңгеден аса шетелдік валюта тәркіленді. Сондықтан, ақшаның сапасына күмәндансаңыз оны тексертіп, бірден мемлекеттік кірістер басқармасына барыңыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать