Балқашта концерт өтетін үлкен алаң пайда болады

Балқашта концерт өтетін үлкен алаң пайда болады. Ол мәдениет сарайының артында орналасады. Қазір онда құрылыс жұмыстары басталды. Қурап қалған ағаштар кесіліп, жер босатылды. Енді Сейфуллин  көшесінен бастап Желтоқсан көшесіне дейінгі аралыққа мерекелік іс-шаралар өтетін алаң салынады. Оның жалпы аумағы 11 мың шаршы метр. Алдымен онда брсюшатка төселеді. Кейін сәкілер орнатылып, жарық тартылады. Сондай-ақ балалар ойын алаңын салу жоспарлануда. Бүлдіршіндерге арналған шағын алаңқайлар концерт өтетін алаңның екі жағында орналасады.

Бақытбек Әбеков-құрылыс компаниясының директоры:»Қазір құм әкеліп, жерді тегістеу жұмыстары басталады. Кейін алаңға толықтай брюсшатка төсейміз. Сахнаның орны ауысады. Оны тура ортаға қоймақшымыз. Кейін бұл жерде барлық мерекелік іс-шаралар, концерттер өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать