Суицидтің алдын алу жолдары

Әлемде жылына өз-өзіне қол жұмсап, 800 мыңға жуық адам көз жұмады, күніне 2200 суицид тіркеледі.Ал Қазақстанда жыл басынан бері 124 бала суицидке барған.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы психологиялық тесттердің бірі-отбасы жайында.Өйткені, бала өзінің жанұясын қағаз бетіне түсіру арқылы үйіндегі тыныс-тіршілікті көрсетіп,ата-ана алдындағы дәріжесін суреттейді.Сол арқылы баланың ішкі дүниесін психолог мамандар анықтап, тиісті жұмыстарын атқарады.Әліпбетте,мектепгі оқушылардың мінездеріндегі өзгерісті психологтармен мұғалімдер де қадағалап жүреді.

Ольга Смирнова – №1мектептің психологы

«Біз үшін 8 бен 11 сынып оқушылары басты назарда болады. Өйткені, бұл уақытта баланың психологиясы өзгереді, есейеді.Мінездерінде өзгешелік байқалады. Сондықтан біз оларды жіті назарда ұстаймыз.Оған қоса, мұғалімдер балалармен көп уақыт өткізетіндіктен бігзге ұстаздар да келіп, көмек сұрайды».

Санаққа сенсек, Балқашта көбінесе жасөспірім қыздар өз өзіне қол  жұмсауға   баратын көрінеді.Олардың көбісі елге жариялап, өмірмен қоштасқылары  келеді. Сондықтан, осындай фактілерді алдын-алу үшін балаңыздың бойында жат қылықты байқасаңыз, бірден тиісті мамандарға жүгініңіз. Өйткені, психологтар баламен сөйлесе отырып, ішкі күйзелісті анықтайды.Емдейді.

Виталий Омаров –№1емхана психологы

Психологтарға жасөспірім қыздар көп келеді. Осы жылы 2 бойжеткен қабылдауда болып, ішкі ренішін айтты.Жауапсыз махаббат пен отбасылық түсініспеушілік салдарынан өмірлеріне қол жұмсағылары келген».

Қазақстан суицид оқиғалары бойынша алғашқы ондыққа кіріп отыр. Оның ішінде елімізде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы мен Ақмола облысы – суицид оқиғалары жиі тіркелетін аймақтар қатарында.Ал жалпы алғанда қазіргі күнге дейін 124 бала суйцидке барған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать