Балқаш маңында болған жол апатынан 1 адам қайтыс болып,3 жолаушы зардап шекті

Тыйылмайтын жол апаты! Бекатауата маңында екі көлік соқтығысып, 1 жолаушы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы кеше, түңгі сағат 11-дің шамасында болды.Алматы-Екатеринбург тас жолының 736-шы шақырымында «Тойота Прада» мен «Ниссан» қарама-қарсы бағытта соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында ауыр жарақат алған 35 жастағы азамат қайтыс болды. Ал үш адам зардап шекті. Қазір 26 жастағы Шашубай кентінің тұрғыны,36 жастағы Ботақара ауылының азаматы мен 25 жастағы алматылық жолаушы қалалық орталық ауруханада жатыр. Айта кетсек,бұл Бектауата маңында болған үшінші жол апаты. Онда тамыз айынан бері 10 адам көз жұмып, 11 жолаушы түрлі жарақат алды.

ҚуатХайдаров–Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі:«Жол апатынан зардап шеккен үш жолаушы Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.Олар көптеген дене жарақаттарын алды. Науқастардың ішіндегі 92 жылғы азаматтың денсаулығы нашар. Ауыр хәл үстінде жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать