Балқашта 9 қыркүйектен бастап ыстық су тоқтатылады

Балқаштықтарға алтын сырға.Қыркүйек айының 9-нан бастап шаһарда ыстық су тоқтатылады.Жылу электр станциясында жыл сайынғы әдетпен, жылу желелілері тексеріледі. Жылыту маусымына дайындық аясында магистралдық құбырлар сынақтан өтіп, жоғары қысымға деген қуаттылықтары пысықталады. Сондықтан, жылуты қондырғылары 9 қыркүйек, яғни осы жексенбіде түнгі сағат 00.00 тоқтатылды.

Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы:«Жылу электр станциясынан шығатын 1 магистральдағы құбырларды ауыстыру жұмыстарын жүргіземіз, сонымен қатар қаланың ішіндегі құбырларды тексеретін  боламыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать