Балқашта«Мектепке жол»акция аясында 400 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді

Жомарт жандар жетерлік.Балқашта«Мектепке жол» республикалық акция аясында 400 жуық оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Шара аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға кеңсе тауарлары, сөмкелер және мектеп формалары үлестірілді. Үш айлық демалыста қалалық білім бөліміне 42 ата-ана өтініш жазып, 70 балаға көмек керек деген.Оларға қала тұрғындары мен кәсіпкерлер қажетті оқу-құралдарын сатып берді.Және де аталмыш акция аясында 310 баланы қала мектептері жаңа оқу жылына дайындады. Мұның барлығына 3,5 миллионнан аса теңге жұмсалды. Дей тұрғанмен, «Мектепке жол»акциясы мұнымен аяқталмайды.Қайырымдылық шарасы қыркүйек айының 30 дейін жалғасатын болады.

Ольга Садвокасова – қалалық білім бөлімінің бас маманы
«Мектепке жол»акциясы айдың соңына дейін жалғасатын болады.Қазіргі күні 380 баланы киіндіріп, оқуға дайындадық. Ол үшін 3,5 млн. теңге ақша жұмсалды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать