Балқаштықтардың Астанадан пәтер ұтып алуға мүмкіндіктері бар

18 тамыз Қарағанды қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан «Әулие төбенің» сол жағында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді деп хабарлайды, Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шара халқымыздың кемеңгер ойшылы, Абылай ханның кеңесшісі, «Көмекей əулие» атанған мемлекет əрі саясат қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналады. Салтанатты мерейтой 2018 жылдың 18 тамызында сағат 10:30 –да басталады.

Дәстүрлі тойлау қазақтың ұлттық спорт түрлері: аламан бәйге, топ бәйге, қазақ күресі, аударыспақ, топ бәйге, қыз қуу, көкпар т/б жарыстарымен жалғасатын болады.

Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға жүлде ретінде Астана қаласының орталығынан құны 12 млн. теңгені құрайтын пəтер, «TOYOTA PRADO», «ТOYOTO CAMRY» маркалы автокөліктер, сонымен қатар үш квадроцикл, тұрмыстық техникалар және т/б жүлделер табысталады.

Сыйлықтар осымен шектелмейді. Жүлде қорының толықтырылуына байланысты ақпаратты алдағы уақытта қосымша хабарлайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать