Балқаш жаңалықтары 9 тамыз 2018

Сотта жалған жауап берген Балқаш тұрғыны жазаланды. Досын құтқармақ болған ол, соңында өзі жауапқа тартылды. Бас бостандығына 3 жылға шектеу қойылды. Оқиға осы жылдың мамыр айында болған.

Балқашта 250 бос жұмыс орны бар. Мәселен, балабақшаларға тәрбиешілер мен оның көмекшілері, аула сыпырушылар және хатшылар қажет. Ал мектептер мен колледждерде психолог, математика, тарих, география, химия, физика, биология ағылшын мұғалімдері жетіспейді.

Алимент төлеу парыз. Алайда, сол міндеттен жалтарып, жұмыс жоқ деп жүргендер қаламызда жетерлік. Сондықтан олар үшін құқық қорғау саласының мамандары бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Балқашта бір күннің ішінде жол ережесін сақтамаған 30-дан аса көлік жүргізушісі ұсталды.Олар рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескендіктен, қауіпсіздік белдемшесін тақпағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгін «Зеленстрой» жұмыскерлері талдарды қиып, ағаштарды көріктендірді.

Осы демалыс күндері қазақстандықтар жұлдыздар ағатын әсем көріністі және күннің тұтылуын тамашалай алады. Сенбі күні, 11 тамызда ай күннің жартысын көлеңкелейді.

Ал сенбі күні қазақстандықтар биылғы жылғы күннің соңғы рет тұтылуын тамашалай алады. Бұл 2018 жылы күннің бесінші рет тұтылуы. Күн жартылай ғана тұтылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать