Бектау-Ата маңында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Алматы –Екатеринбург трассасында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. 6 адам түрлі жарақатпен орталық ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға таңғы 5-тер шамасында  Бектау ата маңайында болды. Астанадан оңтүстікке бағыт алған спринтер  қарама қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке соқтығысқан. Нәтижесінде 2 ер адам, бір әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Барлығы да Ресей елінің азаматтары. 6 адам орталық ауруханаға жеткізілді. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласының тұрғындары. Оның үшеуі жарақаттары жеңіл болғандықтан үйлеріне жіберілген. Қазір 13 жастағы қызбен 59 жастағы әйел травматология бөлімінде жатыр. Бірі бас ми жарақатын алған. Ал бірінің иығы сынған. Үшінші науқасқа дәрігерлер ота жасады. 27 жастағы әйел қазір жан сақтау бөлімінде.

Қуат Хайдаров – медицина және апат орталығының жетекшісі

«Бізге таңғы сағат 4 тен 38 кеткенде хабарлама келіп түсті. Біздің бригада 3 адамға жедел көмек көрсетті.  Барлық жапа шегушілерді Балқаш ауруханасына жібердік.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать