Балқаш жаңалықтары 6 тамыз 2018

Язев көшесінің бойында трактор мен иномарка соқтығысты. Апаттың салдарынан жол шетінде тұрған мазданың алдыңғы бөлігіне қатты зақым келді. Оқыс оқиға өткен сенбіде полиция қызметкерлері қаптап жүретін тіркеу-емтихан бөлімінің алдында болды.

Балқашта екі орталық көше бір бағыттық болып өзгереді. Қыркүйек айынан бастап жүргізушілер Байсейтова және Молдағұлова көшелерімен тек бір бағытпен жүре алады.

Қазақстанда білім грантының иегерлері анықталды. Тегін оқуға қол жеткізген 50 мыңнан аса талапкерлердің аты-жөні электронды нұсқада жарияланды. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант бөлінген болатын.

Бүгін қорғаушылар мен заңгерлер және медиаторлар қала тұрғындарына тегін кеңес берді. Қалалық сотта ашық есік күні өтті. Арляпов Владимир өз мәселесін сотқа жүгінбей, медиация заңы арқылы шешкісі келеді.

Балқаштықтар кітап пен фильмге пікір жазу арқылы сый ұтып ала алады. Жастар ресурстық орталығы үздік рецензияға конкурс жариялады. Қатысу үшін инстаграм және в кантакте әлеуметтік желісіне өз ойыңызды жазып қалдыру қажет.

Балқаштық балалар тастардан сурет салды. Жарты метрлік фигуралар Сәтпаев м\а аулалардың бірінде пайда болды. Бұл гүлдер, смайликтер, өрнектер осы аулада ойнап жүрген балалардың қолынан шыққан туынды. Өкінішке орай, фантазияға ерік беріп, әсем дүние жасаған бүлдіршіндерді таба алмадық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать