Балқашта екі орталық көше бір бағыттық болып өзгереді

Балқашта екі орталық көше бір бағыттық болып өзгереді. Қыркүйек айынан бастап жүргізушілер Байсейтова және Молдағұлова көшелерімен  тек бір бағытпен жүре алады.  Мұндай шешімді қабылдауға мәдениет сарайының артында жүргізіліп жатқан аббаттандыру жұмыстары себеп болған. Жөндеу аяқталғаннан кейін демалушылардың қауіпсіздігі үшін жаңа саябақтың екі жанында бір бағыттық көше пайда болады. Енді көлік иелері Байсейтовамен төмен түссе, Молдағұловамен кері көтеріледі.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлімі басшысының м.а

«Қауіпсіздікті сақтау комиссиясы осындай шешім шығарды. 2018 жылдың тамыз айында осындай шешім қабылданды».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать