Қазақстанда білім грантының иегерлері анықталды

Қазақстанда білім грантының иегерлері анықталды. Тегін оқуға қол жеткізген 50 мыңнан аса талапкерлердің аты-жөні электронды нұсқада жарияланды. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант бөлінген болатын. Оның тең жартысы, нақтырақ айтсақ 24 мыңы техникалық мамандықтарға берілді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына — 2500, жаратылыстану ғылымдарына — 3,161, ауыл шаруашылығына — 2 мыңға жуық, әлеуметтік ғылымдарға — 1495, гуманитарлық ғылымдарға — 1 355 грант бөлінді. Мемлекет есебінен тегін оқитын болашақ студенттердің тізімі egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттарына жарияланды.

Жансая Даригул-талапкер

« Ең бірінші таңдаған мамандығым автоматтандыру және басқару. Соған балым сәйкес келіп, мен ең бірінші сол мамандыққа грантқа түстім. Таңертең естіген кезде қуанышты болдым. Бір жағынан қобалжыдым. Ата-анама да әлі айтқан жоқпын.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать